Ресейлік файтер Артур Гусейнов өзін "Дағыстан шошқасына" теңеген Александр Емельяненкоға жауап берді, деп жазады Vesti.kz тілшісі Sports.ru сайтына сілтеме жасап.
"Өз басын бәлеге қалдырған адам туралы не айтуға болады? Ол "Дағыстан шошқасы" деп айтты. Былай қарағанда ол барша дағыстандықтарды шошқаға теңеп отыр. Сөйте тұра Дағыстанға келіп оқу-жаттығу жиындарын өткізем дейді. Александрды бұл жақта ешкім күтіп тұрған жоқ. Ол келем деген күннің өзіне Дағыстанға жете алмайды. Оны іздеп жүргендер көп. Жеке ұлтты қаралаудың несі бар? Мен "орыс шошқасы" деп айтпадым ғой. Сол жағынан артық кетті. Емельяненко сол сөзді айқаны үшін тек тізерлеп отырып кешірім сұраған жағдайда ғана бұл оқиға тынышталады", - дейді Гусейнов.
Еске салайық, Александр Емельяненко бразилиялық Марсия Сантосқа есе жіберген соң кезінде Емельяенконың командасында болған Артур Гусейнов ресейлікті "масқара" болып жеңілді деп сынға алған еді. Артынша Емельяненко Гусейновты "Дағыстан шошқасына" теңеді.