Швециялық ММА өкілі Хамзат Чимаев UFC президентіне америкалық блогер-боксшы Джейк Полдың быт-шытын шығарғысы келетінін айтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
"Дана Уайт, Джейк Полдың быт-шытын шығаруға рұқсат бер", - деп жазды Чимаев twitter парақшасында.
Еске салайық, соңғы рет Швецияның намысын қорғап жүрген шешен ұлтының өкілі UFC 267 турнирінде қытайлық Ли Джинлиангті бірінші раундтың төртінші минутында қылқындыру әдісімен жеңген еді.
Джейк Пол болса соңғы рет UFC-дің бұрынғы өкілі Тайрон Вудлимен бокс ережесі бойынша айқасып, алтыншы раундта нокаутпен жеңді.