Единоборства
16 қыркүйек 2022 15:49

Чимаев Хабибтің сынына жауап берді

©UFC

UFC файтері Хамзат Чимаев америкалық промоушеннің бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің сынына жауап берді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Бұған дейін Хабиб Чимаевтың салмақ өлшеуді жасай алмағаны, оның командасына мұсылмандардың жетпейтінінен деп пікір білдірген еді. Сонымен қатар, дағыстандық спортшы Чимаевтың салмақ лшеу кезіндегі түсінікісіз ишараттарының ислам дінін ұстанатындардың ісі емес екендігін де тілге тиек еткен болатын.  

"Мен тирамисуды көп жеп қойыппын. Сондықтан менің Тони Фергюсонмен кездесуімді бесінші рет өткізбей жатыр. Біз өз ойымызды айттық, қалғанын әлем айтсын", - деп жазды Чимаев әлеуметтік желідегі пікірінде.  

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылы Хабиб Тони Фергюсонмен кездесу алдында салмақ тексерісінен өтпей қалды. Нурмагомедовтің өз нұсқасы бойынша, салмақ қуу кезінде, оның денсаулығы сыр берген. Ал Тони болса Хабиб диетаны бұзып, дайындық барысында  тирамису жеді деп пікір білдірді. Жалпы алғанда Хабибтің Фергюсонға қарсы кездесуін бес рет кейінге қалдырған еді.

Өткен демалыста Чимаев Нейт Диаспен кездесу алдында салмақ тексерісінен өте алмады. Жекпе-жек болмайтын болды, алайда Хамзатқа Кевин Холландты қарсылас қылды. Өз кезегінде Чимаев қарсыласын бірінші раундта қылқындыру әдісімен жеңді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport