Чемпионмен айқасқан. UFC басшысы Рахмоновтың келесі қарсыласын атады

UFC президенті Дана Уайт қазақстандық Шавкат Рахмоновтың келесі жекпе-жегі туралы құлақтандырды. 16 қыркүйекте қазақстандық спортшы америкалық Келвин Гастелуммен айқасады, деп хабарлайды Vesti.kz.
UFC президенті Дана Уайт қазақстандық Шавкат Рахмоновтың келесі жекпе-жегі туралы құлақтандырды. 16 қыркүйекте қазақстандық спортшы америкалық Келвин Гастелуммен айқасады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл Лас-Вегаста өтетін UFC турнирінің басты оқиғасы болады.
Кәсіпқойда 2010 жылдан өнер көрсетіп жүрген Гастелум UFC рейтингінде 12-орында тұр. Америкалық файтер жартылай орта салмаққа оралды.
2019 жылы Келвин орта салмақта UFC ұйымының уақытша чемпионы атағы үшін Исраэл Адесаньямен жұдырықтасқан, алайда төрешілер шешімімен жеңіліп қалды.
Жарнама