UFC ұйымының жеңіл салмақтағы чемпионы бразилиялық Чарльз Оливейра белбеуін сәтті қорғап қалды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Лас-Вегас қаласында өткен UFC 269 турнирінде Оливейра америкалық Дастин Порьеге қарсы шығып, мерейі үстем болды.
Бұл айқастың бірінші раунды теңдей өтті. Дегенмен осы бірінші раунда Оливейра Порьенің мұрнын сындырды.
Ал екінші раунд толық бразилиялықтың басымдығымен өтті. Ол қарсыласын раунд ортасында партерге құлатып, соңына дейін бақылауда ұсталды.
Жеңімпаз үшінші раундта анықталды. Оливейре Порьені қылқындыру әдісімен берілуге мәжбүрледі. Осылайша, Чарльз қатарынан оныншы жеңісіне қол жеткізді. Ал Порье болса соңғы үш жеңісінен кейін алғаш рет ұтылды.