Единоборства
9 қараша 2020 13:31

"Бұл белбеу үшін соңына дейін барамын". Жекпе-жекке шыға алмаған Хабибтің ізбасары мәлімдеме жасады

Сурет: Read MMA

Хабиб Нурмагомедовтің ізбасары атанған Ислам Махачев бразилиялық Рафаэль дос Аньоспен жекпе-жеке шықпайтын болды. Ресейлік файтер індет жұқтырған екен, деп хабарлайды Eurosport.

Дос Аньос - Махачев кездесуі 14 қараша UFC Vegas 14 турнирінде өту керек болған. 

"Бір ғана дүние көңілімді орныма түсіреді, қол қойылған келісімшарттың ешқайда жоғалмайтыны. Бұл жекпе-жекке дайындалу үшін көп кұш жұмсалды, бабыма келіп едім, бірақ, салмақ тастай бастағанда иммунитет әлсіреп, мені бір ай шығарып тастайтын инфекцияға шалдықтым. Бұл лагерде біздің команда бұл індетке бірнеше рет ұшырады. Көбі жекпе-жекке шыға алмады. Бұл жыл карьерам үшін ауыр болды, көп жекпе-жегім өтпей қалды, бірақ уәде беремін: бұл белбеу үшін соңына дейін барамын, қандай құрбандықтарға бару керек болса да", - дейді спортшының өзі.