Бразилиялық файтер Чарльз Оливейра жеңіл салмақта UFС ұйымының бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов жайлы пікірін білдірді, деп хабарлайды "Чемпионат" порталы.
"Хабиб ұлы спортшы әрі шын чемпион болды. Оның өз тарихы мен артына қалдырған ізін де бар. Бірақ ол карьерасын аяқтау туралы шешім шығарды. Енді UFC тарихын басқа спортшы жасауда. Ол - Чарльз Оливейра", - деді бразилиялық Дастин Порьені жеңгеннен кейін баспасөз жиынында.
Еске салайық, Хабиб Нурмагомедов қалдырып кеткен жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеу қазір осы Чарльз Оливейрада. Бразилиялық соңғы кездесуін Дастин Порьеге қарсы өткізіп, белбеуін сақтап қалды.