Қазақстандық файтер Мария Агапова UFC-дегі дебют кездесуін жеңіспен аяқтады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Бүгін Агапова Лас-Вегаста UFC Fight Night 172 турнирінде алғашқы кездесуін өткізді. Ол америкалық Ханна Сайферспен жекпе-жекке шықты, қазақстандыққа қарсыласы бір апта бұрын ғана тағайындалған. Өйткені, бастапқыда қарсылас ретінде жоспарланған бразилиялық Мелисса Гатто АҚШ-қа виза ала алмаған.
23 жастағы қазақстандық жекпе-жекті сергек бастап, қарсыласын бірінші раундта-ақ қылқындыру әдісі арқылы жеңді.
Агапова UFC-те дебют жасаған еліміздегі алғашқы қыз. Мұның алдында ол өзінің туған қаласы Павлодарға қайтып оралмайтынын мәлімдеген болатын.