Бүгін, 8 қазанда Алматы облысына қарасты Үшқоңыр ауылында аралас жекпе-жектен Alash Pride 69 турнирі өтеді. Аталмыш кеште он жұп октагонда сынға түсетін болады. Олардың арасында бір жұпта бұрымдылар сынға түспек. Дәлірек айтсақ қырғызстандық Гүлімхан Кубатова (0-0-0) мен өзбек қызы Хожинисо Комолдинова (0-1-0) өзара мықтыны анықтайды. Комолдинова осыған дейін еліміздегі алғаш құрылған промоушн Alash Pride 67 турнирінде қазақстандық Зәмзәгүл Файзоллановамен (7-1) жкпе-жекке шыққан болатын.
Бопаймен көз арбасу сәтінде өзбек спортшысы қарсыласын итеріп, айқастың көрігін қыздырған еді. Ал кездесу қорытындысы бойынша төрешілердің бір ауыздан шыққан шешімімен Файзолланова жеңіске жетті. Бұл жолы да Комолдинова мен Кубатова арасындағы көз қарасу сәтінде кішігірім қақтығыс болды.
"Алдағы жекпе-жекке жақсы дайындалдым. Оқу-жаттығу жиындарын жоғары деңгейде өткіздім. Бұл жолы қырғызстандық қарсыласымды бірінші раундта нокаутпен жеңуге келдім. Менің негізгі мақсатым – UFC. Сол мақсатыма жету үшін бар күшімді саламын. Бұйырса 2-3 жылдан кейін әлемдегі ең үздік промоушнда бағымды сынағым келеді", - дейді Комолдинова Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында.
Еске салайық, Alash Pride 69 турнирі бүгін 19.00 басталады.