MMA
30 қаңтар 09:31
 

Біреуі бас тартты. Асу Алмабаевқа UFC-де жаңа қарсылас табылды

  Пікірлер

blog.share

Біреуі бас тартты. Асу Алмабаевқа UFC-де жаңа қарсылас табылды ©UFC

Өте жеңіл салмақтағы қазақстандық файтер Асу Алмабаевқа (21-2) UFC-дегі келесі жекпе-жегіне жаңа қарсылас табылды.

blog.share

Өте жеңіл салмақтағы қазақстандық файтер Асу Алмабаевқа (21-2) UFC-дегі келесі жекпе-жегіне жаңа қарсылас табылды.

Бұған дейін қазақстандық файтермен жұдырықтасу керек болған аустралиялық Стив Эрцег (12-3) жекпе-жекке шықпай қойды. Бұл айқас 2 наурыз Лас-Вегастағы турнирде өтеді деп жоспарланған болатын. Онымен қоса бастапқыда Асудың өзі айқасудан бас тартыпты деген қаңқу  өз шығып кетіп, кейін Алмабевтің командасы мәлімдеме жасап, жағдайды түсіндірді. 

Абырой болғанда жаңа қарсылас тез табылды

Енді "Зульфикар" лақап атты Асуға наурызда өтетін UFC Vegas 103 турниріне жаңа қарсылас табылды. Ол бразилиялық файтер Аллан Насименто (20-6 ММА-де және UFC-де 2-1 ) болады. 

Насименто UFC-де 2021 жылдан өнер көрсете бастады. Алғашқы айқасында ол Тагир Уланбековке төрешілер шешімімен есе жіберді, алайда, кейін Джейк Хадли (төрешілер шешімі) және Карлос Эрнандесті (бірінші раундтағы сабмишн) жеңді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!