Единоборства
13 шілде 2021 09:30
 

Бразилиялық файтер Шавкат Рахмоновтың UFC чемпионы болу мүмкіндігі жайлы ойын айтты

  Пікірлер

blog.share

Бразилиялық файтер Шавкат Рахмоновтың UFC чемпионы болу мүмкіндігі жайлы ойын айтты Сурет: theScore.com

UFC-дің белгілі файтері бразилиялық Гилберт Бернс қазақстандық Шавкат Рахмоновтың жартылай орта салмақта чемпион атану мүмкіндігі жайлы ойын айтты. 

blog.share

UFC-дің белгілі файтері бразилиялық Гилберт Бернс қазақстандық Шавкат Рахмоновтың жартылай орта салмақта чемпион атану мүмкіндігі жайлы ойын айтты. 

- Шавкат Рахмоновпен бірге жаттықтың ғой. Оның әлеуеті туралы не айта аласың?

- Иә, бірге жаттығып, оның жекпе-жегіне дайындалдық. Ол - талантты проспект, тамаша жігіт. Жақсы жаттығулар болды. 

- Ол жартылай орта салмақтың ең мықты бес файтері қатарына кіре ала ма?

- Сөзсіз. Шавкаттың бұл қатарға кіруге барлық мүмкіндігі бар. Оған кез келген адам жете алады, ол үшін аянбай тер төгіп, өзіңе сену қажет. Егер ол бәрін сауатты құра алса, чемпион болады деп ойлаймын. Оңай шаруа емес, бірақ, оның қолынан келеді деген ойдамын.

Еске салайық, Бернс жыл басында жартылай орта дивизионда UFC чемпионы атағы үшін жұдырықтасты, алайда, Камару Усманнан техникалық нокаутпен жеңілді. 

Жарнама

Живи спортом!