MMA
28 ақпан 2024 11:24

"Бір раунд шыдамайды". Бекзат Алмаханда Хаибтің інісін жеңудің жалғыз жолы бар

©Instagram/bekzatalmahan

Бір кездері Хабиб Нурмагомедовтің ісін жүргізген белгілі менеджер Али Абдель-Азиз өте жеңіл салмақта топ-15 тізімдегі ешбір файтер Умар Нурмагомедовке (16-0) қарсы бір раунд та шыдай алмайтынын айтады, деп жазады Vesti.kz.

3 наурыз Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) Умар қазақстандық Бекзат Алмаханмен (17-1) жекпе-жек өткізеді.

"Мен матчмейкер Шон Шелбиге алғыс айтамын, ол Умармен жұдырықтасуды ұсынып барлық файтерлерге қоңырау шалды. Ақыры Қазақстаннан бір жігітті тапты. Дивизиондағы топ-15 тізімде ешкім Уамрға қиындық көрсете алмайды. Ол бөлек. Ол UFC-дің ең мықты чемпиондарының бірі болады деген ойдамын. Топ-15 тізімдегі файтерлердің ешбірі Умармен бір раунд та шыдамайды. Оны жеңудің жалғыз жолы - лаки-панч қана. Оның соққы жасауы, белдесуі мен грэпплингі басқа деңгейде, 27 жаста, менталитеті бөлек және рейтингтегі орнына қарамастан кез келген қарсыласпен айқасуға дайын", - дейді Абдель-Азиз The Schmo басылымына сұхбатында. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport