Единоборства
24 қаңтар 2022 12:21

Бір бапкердің екі файтері. Ауыр салмақтағы чемпиондық айқаста Нганну жеңді

©Fightnews.info

Ауыр салмақта UFC чемпионы франциялық Фрэнсис Нганну ұйымның уақытша чемпионы отандасы Сирил Ганды жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Анахаймдағы (АҚШ) UFC 270 турнирінің басты жекпе-жегі Нганнудың жеңісімен аяқталды - 48-47, 48-47 және 49-46. Бұл оның - ММА-дағы 16-жеңісі.

 Париждік екі файтер бұрын бірге дайындалған. Ал Ганның командасындағы бапкер Фернан Лопес бұрын Нганнудың өзін жаттықтырған. Ол Нганнуды мені сыйламайды деп айыптаған еді.

Осы жекпе-жекке дейін 35 жастағы Нганну қатарынан бес жеңіске жетті. Ал 31 жастағы Ган чемпиондық жекпе-жектен бұрын ММА-да және UFC-дегі жеті жекпе-жегінде жеңіске жетті.

Фрэнсис он айдан кейін оралып, белбеуін алғаш рет қорғады. Ал Ган кейінгі 11 айда төртінші жекпе-жегін өткізді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport