"Бопайдың" PFL лигасындағы қарсыласы анықталды

Қазақтан шыққан ММА шебері Зәмзәгүл "Бопай" Файзолланова (7-2) жүлде қоры 1 миллион доллар болатын Professional Fighters League (PFL) турниріндегі кезекті қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

1 шілде күні отандасымыз 31 жастағы чехиялық Мартина Жиндровамен (5-2) октагонда өзара мықтыны анықтайды. Осыған дейін Файзолланова аталмыш лигадағы алғашқы айқасында бразилиялық Ларисса Пачекоға (16-4) жеңілген еді.
Еске салайық, бұл турнирде спортшылар топтық кезеңде екі жекпе-жектен өткізеді. Жеңіске жеткені үш ұпай еншілейді. Егер сабмишен немесе нокаут тіркелсе (раундқа байланысты) қосымша баллдар қосылады. Тең есепке бір ұпай беріледі.
Жарнама