Единоборства
6 қыркүйек 2020 17:37

Беті қан-жоса. Ауыр салмақта ең мықты файтердің бірі 11 жас кіші қарсыласын нокаутпен жеңді

Сурет: UFC
Лас-Вегаста аралас жекпе-жектен UFC Fight Night 176 (UFC Vegas 9) турнирі өтті. Бұл шоудың басты кездесуінде 40 жастағы голландиялық Алистар Оверим 29 жастағы бразилиялық Аугусто Сакаиді техникалық нокаутпен жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Оверим бесінші раундта жеңіске жетті. Бұл Оверимнің карьерасындағы 47-ші жеңісі, сонын бірге, ол 18 рет жеңілген. Ал Сакаи 18 кездесуінің екіншісін жеңіліп қалды. 



Оверим ММА мен кикбоксингте қатар үш титулды сақтай алған тарихтағы жалғыз файтер. Ол Витор Белфорт, Игорь Вовчанчин, Петер Артс, Бадр Хари, Фабрицио Вердум, Фрэнк Мир, Рой Нельсон, Джуниор Дос Сантос, Андрей Орловский, Брок Леснар сияқты даңқты спортшыларды жеңген. Ал Sherdog тұжырымы бойынша ауыр салмақтағы файтерлер арасында әлемдегі ең мықты ондықта.