Единоборства
23 желтоқсан 2021 12:01

Бес адамды соққыға жыққан спортшы әйелін қорғаған болып шықты

©Newsmma.net

UFC ұйымының бұрынғы файтері Чейл Сонненді Лас-Вегас полициясы бес адамды соққыға жықты деп айыптауы ықтимал, деп хабарлайды sports.ru.

Мұның алдында, амеркиалық спортшы қонақүйде шу шығарып, келушілерге шабуыл жасады деген айыппен ұсталған еді.

UFC тағы бір файтері Брендан Шаубтің сөзінше, Соннен өз әйелінің намысын қорғаған екен. 

"Чейлдің істегені оның атағын шығара түседі. Ол әйелін қорғады. Соннен итше сабаған есуас жазасын алды. 

Соннен әйелімен - тамаша адаммен қонақүйге тоқтаған. Ол жерде қайдағы бір ішіп алған жігіт қызымен бірге Чейлдің әйелін балағаттай бастады. Егер аузыңа ие бола алмасаң, таяқ жеуге дайын бол, - дейді Шауб.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport