Аралас жекпе-жектің ресейлік шебері Али Багов (34-11) UFC 310 турнирінде ирландиялық Иэн Гэрри (15-1) қазақстандық Шавкат Рахмоновты неге соңына дейін қылқындыра алмағанын түсіндірді, деп хабарлайды msports.kz.
Соңғы раундта Гэрри қазақстандық спортшыны қылқындыру әдісіне салып, тұншықтыра бастады. Алайда Шавкат Рахмонов қиын жағдайда қалса да, одан шығуға мүмкіндік тапты.
Бұл айқаста Шавкат төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті.Айта кетейік, Шавкат өзінің мансабында алғаш рет жекпе-жекті төрешілер шешімімен аяқтады, ал Гэрри өз мансабында алғаш рет жеңіліс тапты."Оны тұншықтыра алмайтынын білдім, себебі Шавкат мықты әрі төзімді. Бұл бесінші раундта болды, сол себепті оны тұншықтыру мүмкін емес еді. Егер бұл екінші немесе үшінші раундта болғанда, Шавкатқа қиын болар еді.
Бірақ бесінші раундта қарсыластар шаршаған болады. Егер қарсылас мықты болса, оны ауырту әдісімен жеңу қиын. Ал Шавкат мықты әрі төзімді. Мен оның жеңіске жететініне сенімді болдым", - дейді Багов Namys Fighting порталына берген сұхбатында.
Бастапқыда бұл турнирде Шавкат Рахмонов Белал Мұхаммадпен (24-3) кездесуі керек еді. Алайда UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы Мухаммад денсаулығына байланысты жекпе-жектен бас тартты.