Белгілі файтер титулға айқасатын Шавкатты оп-оңай жеңбек
UFC файтері Колби Ковингтон (17-4) қазақстандық Шавкат Рахмоновты (18-0) жеңетініне сенімді.
UFC файтері Колби Ковингтон (17-4) қазақстандық Шавкат Рахмоновты (18-0) жеңетініне сенімді.
"Мен оны қыспақтап, жаншып тастаймын. Оған менің қысымым ұнай қоймас. Ол солақайлармен дұрыс төбелесе алмайды. Джефф Нилмен солай болды. Ол бәсекелі айқас болды. Шавкат әлі үздіктермен айқасқан жоқ.
Ол дивизиондағы топ-10 тізімге жақындармен жұдырықтасты. Бірақ бес раунд бойы оған шабуылдайтын мен сияқты чемпионмен кезіккен жоқ.
Оның бойы ұзын, алайда онда тұрған ештеңе жоқ. Ол жақсы сабмишендер жасады және ұстатпайды. Бірақ бұл белдесуді бақылауында ұстағанда ғана. Ал менімен ондай өтпейді.
Мен оны оңай жеңемін. Желтоқсанда ол жеңе ме, жеңіле ме, оған қарамастан Шавкатпен болашақта айқасқым келеді", - деп береді Колбидің сөзін Submission Radio.
Жарнама