Единоборства
8 ақпан 2022 04:44
 

Белгілі файтер Шавкат Рахмонов елге оралды

  Пікірлер

blog.share

Белгілі файтер Шавкат Рахмонов елге оралды Vesti.kz

UFC промоушенінде айқасып жүрген қазақстандық Шавкат Рахмонов елге оралды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

blog.share

UFC промоушенінде айқасып жүрген қазақстандық Шавкат Рахмонов елге оралды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Ақпан айының 6 жұлдызы Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) UFC Vegas 47 турнирінің негізгі кардында өнер көрсеткен отандасымыз әуежайдан шыға салысымен журналистер сауалына жауа берді.

"Қолдауларыңызға көп рахмет! Мені күтіп алуға келген барша жанкүйерге алғысымды айтамын. Өз еліме аман-есен жеткеніме қуаныштымын. Әсіресе DAR Team командасына ерекше алғыс айтқым келеді. Сонымен қатар, бапкерлер мен барша қазақстандықтарға алғыс айтамын. Қарсыласыма келер болсам, тыңғылықты дайындалдым. Дайындық кезінде оның мықты екендігін ескердім. Алдағы уақытта тағы да екі жекпе-жек өткізіп, ең үздік он спортшының қатарынан кіргім келеді. Әзірге демаламын", - деді Рахмонов.

Еске салайық, Шавкат Рахмонов АҚШ жеріндегі кейінгі айқасында гайаналық 34 жастағы Карлстон Харристі бірінші раундтың соңына қарай техникалық нокаутпен жеңген еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!