Қазақстандық спортшы Қуат "Найман" Хамитов америкалық Professional Fighters League (PFL) промоушенінідегі бірінші жекпе-жегінде жеңілген отандасы Арман Оспановқа (11-4) қолдау білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Атлантик-Ситидегі PFL 4 турнирінде өткен айқастың екінші раундында амеркиалық Крис Уэйд (19-6) "Сұңқарды" нокаутқа түсірген еді.
"Бәрі алда, бауырым, сен біз үшін чемпионсың", - деп жазыпты Қуат Instagram желісіндегі Арманның парақшасындағы пікірде.