MMA
15 шілде 2022 06:51

"Бауырым!". Ермеков өзін құлатуға уәде берген дағыстандыққа үн қатты

©Eagle FC

Қазақстандық Дәурен Ермеков Ресейден шыға алмай қалған дағыстандық қарсыласы Гамзат Хирамагомедовке қарата үн қатты, деп хабарлайды Vesti.kz. Спортшылар 16 шілде Ақтаудағы жекпе-жек кешінде жұдырықтасу керек болатын. 

Мұның алдында Хирамагомедов төленбеген айыппұлдар үшін елден шыға алмай қалғаны белгілі болды. 

"Гамзат, бауырым, қайдасың? Сені осында, Қазақстанда күтемін. Қалай болсын жет. Жолай көліктерді ұстап болсын. Махачкала бұл жерден алыс емес. Күтемін", - деп жазыпты Дәурен Instagram желісіндегі erkinkush_mma аккаунтында.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport