Бұған Исмаилов қазақстандық файтерге бұл ойы қауіпті екенін ескертіп, сес көрсетті. Дегенмен Резников бұл мақсатынан қайтар емес.
"Магомед, бұл салмақты бекер айтқан жоқпын. Өзің де Эдуард Вартанянға 77 келіде жұдырықтасайық дегеніңе көп уақыт болған жоқ! Білемін, басыңды қауіпке тіккің келмейді! Алайда бұл жақсы бір сынақ қой! Сені ауыр салмақта, 84 келіде де көрдік. Бірақ 77 келіде сондай болып қала аласың ба? Бәрі әділ, мен бір дивизион жоғары көтерілемін, ал сен біреу төмен түсесің. Міне, содан кейін екі тақырбас күш сынасады! Бәске келейік! Кім жеңілсе шашын иығына дейін өсіреді! Дайынсың ба? Сен дайынсың ба?", - деп жазыпты Резников Instagram желісінде.