Единоборства
8 қазан 2021 15:26
 

"Барлық әдістерді қолданамын". Alash Pride 69 дебютті жекпе-жегін өткізетін спортшы

  Пікірлер

blog.share

"Барлық әдістерді қолданамын". Alash Pride 69 дебютті жекпе-жегін өткізетін спортшы ©Vesti.kz

Бүгін, 8 қазанда Alash Pride 69 турнирінде дебютті жекпе-жегін өткізетін спортшылардың арасында отандасымыз Михаил Кряхов бар. Теміртаудан келген 19 жастағы ММА шебері тырнақ алды айқасына екі айдан бері дайындалған.

blog.share

Бүгін, 8 қазанда Alash Pride 69 турнирінде дебютті жекпе-жегін өткізетін спортшылардың арасында отандасымыз Михаил Кряхов бар. Теміртаудан келген 19 жастағы ММА шебері тырнақ алды айқасына екі айдан бері дайындалған.

"Бұл менің кәсіпқой спорттағы алғашқы жекпе-жегім болмақ. Алайда осыған дейін спорттық карьерамда панкратионнан, бразилиялық джиу-джитсудан және грэпплингтен жастар арасында Қазақстан чемпионы атанғанмын. Әрине мұндай айқас арасында кішігірім қобалжу болады. Дәлірек айтсақ, психологиялық қобалжу бар. Қарсыласымды зерттеп шықтым. Осыған дейін октагонға шыққан спортшы. Бұйырса жеңіске жету үшін аянып қалмаймын. Айқас барысында өзім білетін барлық әдістерді қолданамын. Олардың арасында реті келіп жатса, қолмен де аяқпен де жұмыс істеймін. Күрес өнерін жақсы меңгергенмін. Дебютті жекпе-жекке толық дайынмын", - дейді Кряхов Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында.

Еске салайық, Михаил Кряхов (0-0-0) Өзбекстаннан келген Нодирбек Ахатжоновпен (3-1-0) кездеседі.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!