Шавкат Рахмоновтың бапкері Азиз Розиев қазақстандық файтердің UFC-дегі жоспарлары туралы айтып берді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Естеріңізге салайық, Рахмоновтың шаршы алаңға оралуы 17 қыркүйекке жоспарланған болатын, бірақ оның америкалық қарсыласы Келвин Гастелум жарақат алып, бұл кездесу өтпейтін болды.
"Шавкат жаттығып жатыр. Біз жекпе-жек күнін, қарсылас күтеміз. Шавкат қазіргі таңда топ-5, топ-6 тізімде, сондықтан қарсыласты табу қиынырақ. Бұл матчмейкерлердің жұмысы. Әзірге күтіп отырмыз, Шавкат кім болса да бәрібір, кез келгенімен шығуға дайын екенін айтты", - деп береді Разевтің сөзін "Baza MMA".