Азат Мақсұм қарсылас ретінде көргісі келетін файтерді атады

UFC-де өнер көрсететін қазақстандық Азат Мақсұм (15-1) келесі жекпе-жегін кімге қарсы өткізгісі келетінін айтты.
UFC-де өнер көрсететін қазақстандық Азат Мақсұм (15-1) келесі жекпе-жегін кімге қарсы өткізгісі келетінін айтты.
"Менің салмағымдағы топ-10/15 тізімдегі файтерлермен жекпе-жек қызықты болар еді. Маған ең жақсы қарсылас қытайлық Су Мудаэржи (рейтингте 14-орында). Мен үшін қолайлы қарсылас. Бірақ кімді беретінін көреміз. Жалпы, маған кімге қарсы айқасатыным бәрібір.
Октагонға қашан ораламын? Тамызда шығар. Абу-Дабидегі турнирде өнер көрсеткім келеді, бірақ, білмеймін ұйым шешеді. Қазір АҚШ-тамын Асу Алмабаевқа келесі жекпе-жегіне дайындалуға көмектесіп жатырмын", - дейді Азат.
Жарнама