Аз қалды. Шавкат Рахмоновты UFС чемпиондары қатарына қосты
Жартылай орта салмақта UFC титулына үміткер болған америкалық Гилберт Бернс жақын арада промоушенде кім чемпион бола алатыны туралы өз ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жартылай орта салмақта UFC титулына үміткер болған америкалық Гилберт Бернс жақын арада промоушенде кім чемпион бола алатыны туралы өз ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Иан Гарри - бірнеше жылдан кейін. Жап-жас мықты жігіт, нағыз жыртқыш. Кейінгі айқасы алдында қарсыласын бөлшектеп тастайтынын айтқан - дәл солай болды да.
Шавкат Рахмонов та мықты. Сонымен бірге, Джек Делла Маддалена да қазір көтеріліп келеді. Сосын эквадорлық Майкл Моралес та ұнайды, жеңіліссіз келеді. Абриэл Бонфим да мықты. Стивен Томпсон сияқты ардагерлердің бәріне абайлау керек. Егер жаңа бірдеңе ойлап таппаса, жас буын оларды артта қалдырады.
Мен әлі бернеше жыл жүремін. 3-4 жекпе-жек қатарынан ұтылғанда ғана ММА-ден кетемін. Менде ауыр жарақат жоқ. Вандербой, 40 жасқа дейін жұдырықтасқан Даниэль Кормьені мысал етіп отырмын. Гловер Тейшейра тіптен 42 жасында чемпион атанды. Сондықтан әлі де 2-3 жылым бар", - деп береді Бернстің сөзін MMA Fighting.
Жарнама