UFC ұйымында өнер көрсететін ресейлік файтер Магомед Анкалаев Лас-Вегаста UFC 282 турнирінде Ян Блаховичке қарсы өткізген кездесуі туралы ойын айтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Бұл кездесуде жартылай ауыр салмақта UFC ұйымының чемпиондық атағы сарапқа салынды. Бірақ кездесу тең аяқталып, чемпиондық белбеу бос қалды.
"Не айтарымды білмеймін. Мен бұл кездесуді жеңдім. Бірақ маған белбеуді бермеді. Не болғанын да білмеймін. Мұнда отырған төрешілерді жеңе алмаймын. Алайда мен белбеуді алу керек едім. Енді бұл промоушенде қаламын ба, жоқ па оны да білмейін. Айтарға сөзім жоқ. Дегенмен де мен бапкерім мен командама алғысымды айтқым келеді", - деді Анкалаев айқастан кейін.