MMA
4 мамыр 2021 12:26
 

"Аяғымды болдырып тастады". Нокдауннан ес жиып жеңіске жеткен қазақ спортшы қарсыласы жайлы

  Пікірлер

blog.share

"Аяғымды болдырып тастады". Нокдауннан ес жиып жеңіске жеткен қазақ спортшы қарсыласы жайлы Сурет: Sports.ru

Ресейлік қазақ Ілияс Хамзин (7-2) бразилиялық Джуниор Маркесті жеңгеніне қатысты пікір білдірді. 

blog.share

Ресейлік қазақ Ілияс Хамзин (7-2) бразилиялық Джуниор Маркесті жеңгеніне қатысты пікір білдірді. 

Екатеринбургтегі RCC 9 турнирінде өткен жекпе-жек толық үш раунд болды. Ілияс бірінші раундта нокдаунға түскен болатын, алайда, кездесу қорытындысы бойынша төрешілер шешімімен жеңіске жетті. 

"Аяқтарым ауырып тұр, Маркес бірінші раундтан кейін аяғымды болдырып тастады. Дегенмен соңына дейін жетіп, жақсы жұмыс істедім.

Оңай қарсылас емес, өте ыңғайсыз, соққысы да мықты екен, аяқ-қолы ауыр. Оған да ауыр соққыларым тиген сәттер болды, ол бір-екі рет тәлтіректеп те кетті. Дегенмен нокаутпен аяқтауға маған бірдеңе жетпеді.

Командамда Петр Ян болды, оның айтқандары дәл келді, мен оны анық естіп жүрдім. Сондықтан бұл ортақ жеңіс, команда жақсы көмектесті. Қазір айқасты қайталап көреміз, қателерді сараптау үшін", - деп береді Хамзиннің сөзін турнир ұйымдастырушыларының баспасөз қызметі. 

Қазақ спортшы нокдаунға түсіп тұрып бразилиялық қарсыласын жеңді

Жарнама

Живи спортом!