MMA
2 қазан 12:25

Ауыр салмақтағы қазақ Дана Уайт турнирінде қарсыласын теуіп құлатты

©smoothcomp.com

Жартылай ауыр самлақтағы қазақстандық файтер Дияр Нұрғожай (10-0) Лас-Вегаста өткен Дана Уайттың үміткерлер сериясының (DWCS) сегізінші маусымындағы турнирде жеңіске жетті. 

Қазақ спортшының қарсыласы польшалық Бартош Шевчик (8-3-1) болды, Дияр оны екінші раундта нокаутқа түсірді. Алдымен Дияр қарсыласын теуіп құлатты да, жекпе-жекті аяқтау үшін соққы жасай бастағанда төреші кездесуді тоқтатты. 

Бұл қазақстандық файтердің ММА-дегі оныншы жеңісі, оның сегізін мерзімінен бұрын аяқтаған - 6 нокаут пен 2 сабмишен. 

Шевчик карьерасында үшініш рет жеңілді, сонымен қоса, ол сегзі рет жеңіп, бір рет тең түскен екен.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport