MMA
21 қазан 09:19
 

Ауыр салмақтағы атақты файтер ММА-ге оралды. Жекпе-жек нокаутпен бітті

  Пікірлер

blog.share

Ауыр салмақтағы атақты файтер ММА-ге оралды. Жекпе-жек нокаутпен бітті ©RingSide24

Ауыр салмақта UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Фрэнсис Нганну (18-3) кәсіпқой бокстағы екі жекпе-жектен кейін ММА-ге оралды. 

blog.share

Ауыр салмақта UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Фрэнсис Нганну (18-3) кәсіпқой бокстағы екі жекпе-жектен кейін ММА-ге оралды. 

Сауд Арабия астанасы Эр-Риядта өткен PFL турнирінің басты айқасында камерундық файтер бразилиялық Ренану Феррейрамен (13-4-0-3) жұдырықтасты. 

Ауыр дивизиондағы Super Fights титулы үшін жекпе-жек бірінші раундта бітіп қалды. Төртінші минутта Нганну қарсыласын партерде талдырып тастады. 

Фрэнсис ММА-дегі кейнігі жекпе-жегін 2022 жылы қаңтарда өткізіп, франциялық Сирил Ганмен айқаста чемпиондығын қорғап қалған еді. Содан кейін 38 жастағы спортшы PFL-мен келісімшартқа отырды және бокста екі жекпе-жек өткізді. Бірінші Тайсон Фьюри, екіншісінде Энтони Джошудан төрешілер шешімімен жеңілді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!