Ресейдің Санк-Петербург қаласында белгілі файтер Александр Емельяненконың бұрынғы промоутері Олег Раевский есірткі сатқаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы
Sports.ru қала прокуратурасына сілтеме жасап хабарлап отыр.
"Ол ірі көлемде есірткі заттарын заңсыз сату мен сақтау бойынша айыпты", - делінген хабарламада.
Наурызда Раевский федералдық іздеуге салынған болатын. Ал мамырда Ленинград облысында ұсталды.