Аралас жекпе-жекте жартылай ауыр салмақта Absolute Championship Akhmat (АСА) ұйымында өнео көрсететін Асылжан Бақытжанұлы (11-2) октоганға 24 қыркүйек күні Мәскеу қаласында оралатын болды, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.
Ұйымның баспасөз қызметі таратқан ақпарат бойынша, оның алдағы қарсыласы бразилиялық Леонардо Силва (17-5) болады.
Айта кетейік, Асылжан аралас жекпе-жектегі өзінің соңғы кездесуін 2020 жылдың қыркүйегінде өткізіп, ресейлік Алексей Буториннен (16-4) нокаутпен жеңіліп қалды.
Биыл наурыз айында Бақытжанұлы кездесу өткізу керек еді. Бірақ жаттығу барысында ол жарақат алып қалды.
Мәскеу қаласында өтетін аталған турнирде тағы бір отандасымыз өнер көрсетеді. Ол - Қаршыға Дәуітбек (9-3). Оның қарсыласы тәжікстандық Фотхудин Собиров (15-4-1) болады.