Сондай-ақ президент Адесанья-Коста кездесуінен бөлек Хабиб Нурмагомедов пен Джастин Гэтжи арасындағы кездесу жанкүйерлер күткен үмітті ақтайтынын айтты.
"Алдағы жоспарланған кездесу барлық үміттеріңізді ақтайды деп айта аламын. Бұл Джастин Гэтжи - Хабиб Нурмагомедов және Исраэль Адесанья - Пауло Коста арасындағы жекпе-жек. Бірақ дәл қазір кездесулердің қайда өтетінін айта алмаймын", - деді ол.
Айта кетейік, Нурмагомедов - Гэтжи арасындағы кездесу 24 қазанға жоспарланған. Жекпе-жек Абу-Даби қаласында өтеді деп жоспарлануда.