Асу Алмабаевтың Brave CF ұйымында жекпе-жегі қашан өтетіні анықталды

Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін Асу "Зульфикар" Алмабаевтың (11–2) Brave CF ұйымында жекпе-жегі қашан өтетіні анықталды, деп жазады Vesti.kz порталы.
Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін Асу "Зульфикар" Алмабаевтың (11–2) Brave CF ұйымында жекпе-жегі қашан өтетіні анықталды, деп жазады Vesti.kz порталы.
Спортшының командасы Instagram парақшасындағы ақпарат бойынша, Алмабаев келесі кездесуін биыл тамызда өткізеді. Жекпе-жек Қазақстанда өтуі мүмкін. Қарсыласы әлі белгісіз.
Айта кетейік, бұған дейін Brave CF жыл соңына дейін Алматыда жекпе-жек кешін ұйымдастыратынын хабарлады. Бұл кеште бірнеше қазақстандық спортшы өнер көрсетті. Аталған ұйымда Алмабаевтан басқа Ринат Сағынтай, Нұржан Әкішов, Константин Солдатов және Әли Қабдулла өнер көрсетеді.
Жарнама