Аралас жекпе-жектің қазақстандық шебері Асу Алмабаев карьерасында алғаш рет UFC турнирінің басты кардында жұдырықтасады, деп жазады Vesti.kz.
15 маусымда өтетін UFC Vegas 93 турнирінде Алмабаев промоушендегі үшінші айқасын өткізеді. Қазақстандықтың қарсыласы америкалық Хосе Джонсон (16-8). Бұл жекпе-жек басты кардта өтіп, маңыздылық жағынан бесінші болады.
Осылайша, 30 жастағы Асуды алғаш рет негізгі кардқа қойды. Ал кештің басты оқиғасы Алекс Перез бен Тацуро Таира жекпе-жегі болады.