Единоборства
Кеше 09:08

Асу Алмабаев UFC-дегі даулы жеңілістен кейін Қазақстаннан кетті

©UFC Eurasia

Наурыз айында португалиялық Манеэл Капеден (21-7) даулы жеңілістен кейін UFC-дегі қазақстандық Асу "Зульфикар" Алмабаевтың (21-3) келесі жекпе-жегіне қатысты мән-жай белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Алмабаев келесі жекпе-жекке дайындалу үшін Осетияға кетіпті.

Бұл туралы оның бапкері Эдуард Базров мәлімдеді.

"Қазір Асу Осетияда оқу-жаттығу жиынында. Оның алдағы жоспарлары жайлы нақты ақпарат жақын күндері белгілі болады. Біз бастапқыда Бакуде өнер көрсетуге ниетті едік, алайда, болмай қалды. Енді визасыз елдердің бірінде "октагонға" шығуды көздеп отырмыз. Қарсылас ретінде Эрцегті ұсынуы әбден мүмкін. Бұл өте қызықты болар еді, себебі біз бастапқыда соған дайындалған едік", – деп береді Базровтың сөзін "Спорт Шредингера".

Ивенттегі басты айқас және даулы жеңіліс

Айта кету керек, Капемен жекпе-жек ресми түрде белгіленбей тұрып, Асу Алмабаевтың қарсыласы ретінде австралиялық Стив Эрцег (12-4) қарастырылған болатын. Алайда Эрцег бұрынғы әлем чемпионы, мексикалық Брэндон Мореномен (23-8) жекпе-жекті таңдады.

Сөйтіп, Алмабаев 2 наурыз күні АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC Vegas 103 турнирінің басты айқастардың бірінде португалиялық Манел Капемен жұдырықтасты. Жекпе-жек барысында Капе бірнеше рет Асудың көзін шұқып ала жаздады. Алайда бас төреші Майк Бельтран ереже бұзылғанын көрмеді. Ақыры Капе үшінші раундта Алмабаевты нокаутқа түсірді.

Алмабаев – UFC ұйымының тарихында турнирдің басты жекпе-жегінде өнер көрсеткен тұңғыш қазақстандық.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport