Асу Алмабаев төртінші жекпе-жегінде жеңіске жетті

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев (20-2) Лас-Вегастағы UFC Fight Night 245 турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды msports.kz сайты.
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев (20-2) Лас-Вегастағы UFC Fight Night 245 турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды msports.kz сайты.
Асу бразилиялық Матеус Николаумен (19-4-1) кездесіп, төрешілер шешімімен басым түсті. Осылайша, UFC-дегі төртінші жеңісіне қол жеткізді. Ал Матеус үшінші рет жеңілістің ащы дәмін татты.
Жекпе-жек соңынан қазақстандық спортшы ұйым басшысына үндеу айтты.
"Дана, Мик Мейнард, маған бір титулдық жекпе-жекке бір мүмкіндік берсеңдер. Бір мүмкіндік қана! Мен дайынмын! Қазақстанда маған жанкүйер болған, дұға жасаған баршаға рақмет", - деді.
Бұл жеңістен кейін Асудың чемпиондық атаққа таласуына мүмкіндік артатын болады. UFC басшысы қазақстандық спортшының айтқанына әзірге жауап берген жоқ.
Жарнама