Асу Алмабаев Bellator чемпионымен жекпе-жекке шығады
Қазақстандық ММА шебері Асу Алмабаев BRAVE CF 60 турнирінде америкалық Зак Маковскиге қарсы жекпе-жекке шығады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Қазақстандық ММА шебері Асу Алмабаев BRAVE CF 60 турнирінде америкалық Зак Маковскиге қарсы жекпе-жекке шығады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Жеңіл салмақта өтетін айқас Бразилияның Гояни қаласында 30 шілдеде өтеді.
Маковски кезінде аса жеңіл салмақта Bellator чемпионы атанған. Сонымен қатар, ол UFC промоушенінде жеті кездесу өткізіп, оның үшеуінде жеңіске жеткен.
Еске салайық, Асу Алмабаев соңғы рет октагонға Бахрейндегі BRAVE CF кешінде шығып, Әзірбайжаннан келген Имран Магамаровты жеңген еді.
Алмабаев спорттық карьерасында аса жеңіл салмақта М-1 Global және Naiza лигаларының чемпиондық белбеулерін иеленді.
Жарнама