Единоборства
9 қараша 2020 10:10
 

Әсершілдер көрмегені абзал. Америкалық файтер UFC-дегі бірінші жекпе-жегінде құлақтан айырыла жаздады

  Пікірлер

blog.share

Әсершілдер көрмегені абзал. Америкалық файтер UFC-дегі бірінші жекпе-жегінде құлақтан айырыла жаздады Сурет: Cageside Press

Лас-Вегаста аралас жекпе-жектен UFC турнирі өтті , - деп хабарлайды Eurosport.

blog.share

Лас-Вегаста аралас жекпе-жектен UFC турнирі өтті , - деп хабарлайды Eurosport.

Бұл шоудың жартылай орта салмақтағы жекпе-жегінде америкалықтар Макс Гриффин және Рамиз Брахимай жұдырықтасты. Кездесу үшінші раундқа дейін барды. Гриффин оң қолымен жасаған соққысы ауыр болғаны сонша, қарсыласының құлағын жұлып кете жаздады. Жарақаттың ауырлығы сонша, құлақ екі айырылып кеткен. Әсершіл адамдар көрмегені жөн. 

Брахимай не болғанын бірден түсінбей, жекпе-жекті жалғастыруға тырысты.

Соңында төреші жағдайдың қиын екенін байқап, кездесуді тоқтатты. Осылайша, Гриффин техникалық нокаутпен жеңді.

Бұл Брахимайдың UFC-дегі алқашқы жекпе-жегі болатын. Жалпы MMA-де сегіз рет жеңіп, үш рет жеңілген екен. Гриффиннің статистикасы: MMA 6-8 , UFC 4-6.

Жарнама

Живи спортом!