Единоборства
20 қаңтар 15:13

АСА чемпионы Махачев үшін Рахмонов неге қауіпті екенін айтты

©Тұрар Қазанғапов

Аралас жекпе-жектен АСА лигасының чемпионы Альберт Туменов дағыстандық Ислам Махачевтің UFC промоушенінде жоғары салмаққа көтерілемін дегеніне қатысты ойын айтты. 

Махачев UFC 311 турнирінде Арман Царукянның орнына шыққан бразилиялық Ренато Мойканоны бірінші раундта жеңіп, титулын төртінші рет қорғап қалды. Бұған дейін Ислам 70 келіде қарымита өткізе беруден шаршағанын және америкалық Белал Мухаммад чемпион болып тұрған 77 келіге көтерлігісі келетінін айтқан еді. 

Айта кетейік, бұл салмақта қазақстандық Шавкат Рахмонов та бар, ол Белалмен чемпиондық айқасқа шығу керек. Спортшылар 2024 жылы жұдырықтасу керек еді, алайда, Мухаммадтың операциясына байланысты айқас кейінге қалды. 

Туменов жоғары салмақтағы жігіттер күштірек деген ойда:

"Махачевке жартылай орта салмақта жұдырықтасу қиынға соғады. Ол дивизионда жігіттер ірірек, басқа күш. Жеті келінің маңызы айтарлықтай. Белал Мухаммад, Шавкат Рахмонов — мықты қарсыластар. Алайда осылай тарихта қалғың келсе... Жанкүйерлердің бәрі мұны тамашалайды. Исламда мүмкіндік мүлде жоқ демес дер едім. Махачев үшін Белал ыңғайлырақ қарсылас болады деп ойлаймын. Бірақ бұл туралы айту әлі ерте, Исламның өткенін көру қажет. Махачев P4P рейтингінде бекер бірінші тұрған жоқ қой", - деп береді Туменовтің сөзін MMA.Metaratings.ru.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport