Қазақстандық аралас жекпе-жек өнерінің шебері Артем Резников 17 маусым күні АСА Гран-при турнирінде октагонға шығады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
ММА журналисі мен инсайдер Игорь Лазориннің айтуынша, ол UFC промоушенінің экс-өкілі бразилиялық Дави Рамоспен айқасады.
Еске салайық, Резников соңғы кездесуін 2020 жылдың қыркүйегінде өткізіп, ресейлік Юсуф Раисовтан басым түсті.