Единоборства
12 маусым 2018 10:47
 
Армениялық спортшы Қуат Хамитовқа тыныш жүруді ескертті

  Пікірлер

blog.share

Армениялық спортшы Қуат Хамитовқа тыныш жүруді ескертті

Армениялық ММА шебері Давид Хачатрянға (24-2) қазақстандық әріптесі Қуат Хамитовтың (18-6-1) пікірі ұнамай қалды.

Қуат «Найман» сәл ертерек өткен Хачатрян мен Питер Куилли арасындағы жекпе-жекке байланысты өзінің Instagram парақшасында пікір білдірген болатын. Онда отандасымыз өзінің бұрынғы қарсыласын жоғары бағалаған.

Бұрынғы қарсыласы деп отырғанымыз Хамитов өткен жылы қарашада ирландиялық спортшы Питер Куиллимен сегізбұрышта кездескен болатын.

Кез-келген сәтте өзінің көзғарасын ашық айтып қалудан таймайтын Қуат армениялық пен ирландиялықтың кездесуі жайлы:

- Куилли нағыз жыртқыш аң секілді. Мен оның міндетті түрде жеңетінін білгенмін, айтқанмын да, - деп жазған болатын.

Отандасымыздың осы сөзі Хачатрянның қитығына тисе керек, өз кезегінде:

- Мен сегізбұрышта шайқасып жүргенде мына «Қуаттар» қайда жүрген еді? Енді келіп ММА спортшысы болып алған, тағы көп сөйлейтін болып жүр. Қуат, сіз маған сын айтқанша, ет жеп тыныш жатқаның жөн, - деп жазды.

Жарнама

Живи спортом!