Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін Арман Оспановтың UFC ұйымымен неге келісімшарт жасасмай жатқаны айтылды.
Дереккөздің ақпараты бойынша, отандасымыз қазіргі уақытта АҚШ-қа жұмыс визасын жасатып жатыр екен. Виза жасалып болғаннан соң, Оспанов 2020 жылдың желтоқсан айында осы ұйымда бірінші кездесуін өткізеді.
Қазіргі уақытта Оспанов АҚШ жерінде туристерге берілетін визамен жүр.
Айта кетейік, Оспановтың менеджері Али Абдель-Азиз. Бұл маман атақты ресейлік Хабиб Нурмагомедовпен де жұмыс істейді.
Егер Оспанов UFC ұйымымен келісімшарт жасайтын болса, онда ол ұйымда өнер көрсететін төртінші қазақстандық спортшы атанады. Бұған дейін әлемдегі ең танымал ұйыммен Мария Агапова, Шавкат Рахмонов және Жалғас Жұмағұлов секілді спортшылар келісімшарт жасаған.
Еске салайық, Арман Оспанов аралас жекпе-жектегі соңғы кездесуін наурыз айында АСА 105 турнирінде өткізіп, ресейлік Расул Мирзаевты нокаутқа түсірген болатын.
Единоборства
19 қараша 2020 01:18
Арман Оспановтың UFC ұйымымен неге келісімшарт жасамай жатқаны белгілі болды
Арман Оспанов. Сурет: ACA©