Арман Оспановтың UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінің уақыты нақтыланды

Жартылай жеңіл салмақта жұдырықтасатын қазақстандық файтер Арман Оспанов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz. Қазақтың "Сұңқары" әлемдік промоушенде 2021 жылдың басында өнер көрсете бастайды.

Мұның алдында Арман UFC-дегі дебютін желтоқсанда өткізе алатынын хабарланған еді. Алайда жекпе-жек екі айға шегерілді.
"Арман Оспановқа қатысты мәлімет. Ол UFC-дегі дебютін 2021 жылдың қаңтар-ақпанында өткізеді", - деп жазыпты Instagram желісінде ресейлік журналист-инсайдер Игорь Лазорин.
Еске салайық, кейінгі рет Оспанов АСА 105 турнирінде жекпе-жекке шығып, ресейлік "Қара жолбарыс" лақап атты Расул Мирзаевты нокаутқа түсірген.
Жарнама