Қаңтар айының 28 жұлдызы Майамиде Eagle FC промоушнының алғашқы турнирінде отандық файтер Арман Оспанов (11-4) жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Оспановтың қарсыласы 28 жастағы француз Дилан Сальвадор (4-1) болмақ. EFC 44 турнирінде 11 жұп шығады деп жоспарланып отыр.
Еске салайық, қазақстандық ММА шебері соңғы рет өткен жылы маусым айында PFL 4 лигасында америкалық Крис Уйэдпен (18-6) кездесіп, екінші раундта нокаутпен жеңілген болатын.