Арман Оспанов пен Дилан Сальвадор айқасының видеосы шықты

Аралас жекпе-жек өнерінің шебері Арман Оспанов (11-5) Eagle FC лигасындағы дебютін сәтсіз бастады. Майамиде (Флорида, АҚШ) өткен кеште жерлесіміз жеңілістің кермек дәмін татты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

32 жастағы Оспанов 28 жастағы Дилан Сальвадормен (4-1) айқасып, екі раундтың қорытындысы бойынша техникалық нокаутпен есе жіберді.
Болжам бойынша француз спортшысы Оспановтың аяғын лоукик әдістері арқылы жаралаған. Жекпе-жектен кейін Сальвадор лоукик әдісін жаттығу кезінде Оспановқа арнайы дайындалғанын жасырмады.
Жарнама