Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін қазақстандық спортшы Арман Оспанов (11-4) дайындық өткізу үшін АҚШ-қа кетті. Бұл туралы ресейлік журналист Игорь Лазорин жазды.
Дереккөз қазақстандық файтердің келесі кездесуі туралы ешқандай нақты жоспары жоқ екенін де жазады.
Еске салайық, бұған дейін маусым айында Оспанов АҚШ жерінде дайындық өткізген болатын. Кейін PFL лигасында өнер көрсеткен еді. Бірақ сәтсіз болды. Ол UFC ұйымының бұрынғы спортшысы Крис Уейдпен (20-7) кездесіп, нокаутпен жеңіліп қалды.