Единоборства
12 қаңтар 2022 08:28
 

Арман Оспанов елдегі жағдайға байланысты халықты сабырға шақырды

  Пікірлер

blog.share

Арман Оспанов елдегі жағдайға байланысты халықты сабырға шақырды ©Arlan MMA Pro Team

Белгілі файтер Арман Оспанов соңғы күндері елде болып жатқан жағдайларға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

blog.share

Белгілі файтер Арман Оспанов соңғы күндері елде болып жатқан жағдайларға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Ассалаумағалейкум, ардақты ағайын, құрметті Қазақ елі! АҚШ-қа аттанып, оқу-жаттығу жиынына кіріскен шағымызда елімізде дүрбелең басталып, ашынған халық алаңға шығып жан-айқайын жеткізді. Өкінішке қарай, арандатушылар арасаласып, жазықсыз жандар жан тапсырды, жапа шекті. Осы күнде жақынынан айырылған әрбір азаматқа қайғыра көңіл айтамыз. Жаратқан жандарын жәннаттық қылсын. Елден жырақта болсақ та, жүрегіміз жай таппай, мемлекетіміздің болашағы үшін алаңдаулымыз.✊️Құрметті билік басындағы ағалар, басшылар осы жайттан кейін ақылға салып, әрқашан халықпен бірге боласыздар деген ойдамыз. Ал халқымызды сабырға, ауызбіршілікке шақырып, бірігу керектігін айтқым келеді. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын, ағайын!", - дейді Оспанов.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!