Единоборства
7 наурыз 2020 17:23

Арман Оспанов әйгілі "Қара жолбарысты" бірінші раундта-ақ талдырды

Сурет: ACA MMA©
Аралас жекпе-жектен қазақстандық файтер Арман Оспанов ресейлік Расул Мирзаевты нокаутқа түсірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Жекпе-жек Алматыда өткен ACA 105 турнирінің басты оқиғасы болып, бірінші раундта аяқталды.



30 жастағы Арман Оспанов осымен оныншы рет жеңіске жетті, үш рет жеңілген. Ал 33 жастағы Мирзаев карьерасында үшінші рет жеңіліп отыр. Оның 18 жеңісі бар.

Айта кетейік, Оспанов пен Мирзаев 2018 жылдың 10 қарашасында Мәскеуде кездесуі керек болған, бірақ қазақстандық жарақатына байланысты жекпе-жекке шыға алмаған.

Мұның алдында бұл турнирде басқа да қазақстандықтар кездесуге шыққан. Артем Резников (21-6), Асылжан Бақытжанұлы (11-1), Евгений Егембердиев (11-2) және Нұрсұлтан Қасымханов (10-2) қарсыластарынан басым түскен.