Аралас жекпе-жек шебері Арман Әшімов жалаң жұдырықпен айқаста алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
М-1 лигасының бұрынғы чемпионы Киевте өткен Mahatch FC турниріне қатысты. Қазақ спортшының қарсыласы бокстан Украина чемпионы, әлем чемпионаты мен Еуропа ойындарына қатысқан Тимур Беляк болады.
Бұл кездесу нокаутпен аяқталды, Арман бір соққымен қарсыласын ауыр нокаутқа түсірді.